Дубайда екі жастағы қазақстандық сәби комаға түсті
Опубликовано:
Біріккен араб әмірлігінде екі жастағы қазақстандық сәби үшінші дәрежелі комаға түсті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының баспасөз қызметі ұл бала Дубайдағы бассейннен 15 қазан күні ес-түссіз күйінде табылғанын мәлімдеді.
Жергілікті дәрігерлер сәбиге медициналық көмек көрсеткен.
Реанимациялық шаралардың арқасында баланың жүрегі қайта соға бастады, алайда ол 3 дәрежелі комаға түсті.
Нәресте ауыр хәлде Дубайдағы емханалардың біріне жеткізіліп, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Көп ұзамай баланың әкесі Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне жүгініп, ұлын елге әкелуге көмектесуді өтінді.
Шетелдік мамандар сәбиді санавиациямен жеткізуге келісім берді.
"27 қазанда санитарлық авиацияның мобильді бригадасы кішкентай пациентті арнайы ұшақпен елге жеткізді. Арнайы борт Нұр-Сұлтан әуежайына сағат 10:40-та қонды", - делінген хабарламада.
Қазір сәби Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824514-dubajda-eki-zastagy-kazakstandyk-sbi-komaga-tsti/