RU
Алматыдағы қонақүйде өлтірілген қыз Ұлыбритания азаматшасы болып шықты

Алматыдағы қонақүйде өлтірілген қыз Ұлыбритания азаматшасы болып шықты

Рассказать Вконтакте

Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінде алматылық қонақүйде өлтірілген қыздың Ұлыбритания азаматшасы болғаны айтылды. Ведомство жергілікті полициямен байланыста екенін жеткізді деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұған дейін InterContinental бес жұлдызды қонақүйінде бір жарым жастағы қыздың аяусыз өлтірілгені белгілі болды.

Кейінірек қылмысқа қыздың туған әкесі күдікті болып отырғаны туралы ақпарат пайда болды.

Алдын ала ақпарат бойынша, баланың тұншықтырылып өлтірілгені хабарланды. Кейінірек әкесінің бүлдіршінді аяусыз ұрып-соққаны айтылды.

Қонақүй қызметкерлерінің сөзінше, 24 қазан күні таңертең олар әйел адамның жантүршігерлік даусын естіп, бөлмеде сәбидің ес-түссіз жатқанын анықтаған.

Оқиға орнына бірден дәрігерлер мен полицейлер келді. Олар келгенше қонақүй қызметкерлері бүлдіршінге алғашқы көмек көрсетіпті.

Кішкентай қыз ауруханаға жеткізілді. Бүлдіршін сол жерде клиникалық өлімді бастан кешкен.

Алматылық дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, ол басынан алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болды.

Қонақүй қызметкерлері отбасы туралы ақпаратты жариялаудан бас тартты. Әкесінің мұндай қатыгездікке баруына не себеп болғаны әлі белгісіз.

Полицияда күдіктінің құрықталғаны айтылды. "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Өлтірілген қыздың әкесі де Ұлыбритания азаматы. Сот санкциясымен ол 2 айға түрмеге тоғытылды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel