RU
Таразда 20 жастағы ақтөбелік сарбаз белдікке асылып қайтыс болды

Таразда 20 жастағы ақтөбелік сарбаз белдікке асылып қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Тараздағы әскери бөлімшелердің бірінде қайғылы жағдай орын алды. Әскери қызметкерлердің бірі өз-өзіне қол салған. Алдын-ала мәлімет бойынша, 20 жастағы ақтөбелік жауынгердің мәйіті өзінің белдігіне асылған күйде табылған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Батырхан Болат. Фото: Видеодан кадр және pixabay.com

Батырхан Болат. Фото: Видеодан кадр және pixabay.com

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері аталған істі тергеуге кірісіп кеткен. тергеу мәліметіне сәйкес, сарбаздың мәйітін бірге борышын өтеп жүргендер тапқан.

Телеарнаның хабарлауынша, жас жігіттің аты Батырхан Болат. Ол Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Қайғылы жағдай әскери бөлім аймағында болыпты. Осыдан соң бірден тексеру жұмыстары басталды. Басшылықтың хабарлауынша, олар өлімнің себебі - заңсыз қарым-қатынастар екенін жоққа шығарған.

Қайтыс болған адаммен бірге борышын өтегендердің айтуларынша, жас жігіт үздіктер қатарында болып, бірнеше рет әртүрлі іс-шараларға қатысқан. Батырханның суреті әлі күнге дейін құрмет тақтасында тұр.

Жігіттің әскери борышын өтеу мерзімінің аяқталуына небәрі екі ай қалған. Қыста ол үйне қайтуы керек еді. Сарбаздың туыстары оның мәйітін туған жеріне алып кеткен.

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшысының орынбасары Ниязтай Әлкеев әскери бөлімге марқұмның ағасы келгенін хабарлады. Ер адам жиенінің мәйітін қарап, ешқандай соққының ізін таппаған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау қызметкерлері тексеріс пен тергеу жүргізіп, болған оқиғаның мән-жайын анықтаулары керек.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel