RU
Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды деп хабарлайды "Время" газетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: bnews.kz

Фото: bnews.kz

Басылымның мәліметінше, шенеунікке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабы 4 тармағы (Алаяқтық) бойынша қозғалған іс қылмыстық оқиғаның болмауына байланысты тоқтатылды.

Оның күшін жою туралы шешімді 28 қазанда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Әбу Әли Саттар қабылдады.

Еске сала кетсек, осыған дейін желіде Манзоровтың қыркүйек айының соңында ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Кейіннен бұл мәліметті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Кейіннен Манзоровтың аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктеліп, үй қамақта отырғаны белгілі болды. Бұл жайында да сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
6
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel