RU

Асылхан Төлепов әйгілі Макгрегорға қазақтарды "танытпақшы"

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал актер Асылхан Төлепов әйгілі Конор Макрегорды қазақша күрестен кездесуге шақырды. Өнер иесі ережесіз жекпе-жек жұлдызына қазақтарды танытпақ ниетте деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төлепов талай мықтыны тізе бүктірген спортшыны Instagram желісі арқылы жекпе-жекке шақырған.

Ол Макгрегорға пародия жасаған арнайы видеосын жариялап, елді күлкіге қарық қылды. Бейнежазбада Асылханның ирландиялық жұлдыз іспетті ақ түсті тон киіп алғанын байқауға болады.

Қазақстандық актер жекпе-жекті қазақша күрес бойынша өткізбек.

"Конорды қазақша күрестен жекпе-жекке шақырамын. Әйтпесе қазақтардан ешкімді танымаймын деген екен соңғы сұхбатында" , - деп жазды актер.

Алайда жазбаның соңына экс-депутат жай ғана әзілдеп жатқанын білдірген.

Айта кетейік, бұған дейін ағайынды Төлеповтердің әйелдері жайлы жазған болатынбыз. Оған қоса, Төлепов жақында алғаш рет ұлының түрін көрсеткен.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Асылхан Төлепов әйгілі Макгрегорға қазақтарды "танытпақшы"
Mailfire view pixel