Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойда бірге қыз ұзатқан Жанболат пен Жазира қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Қызды ұзатар сәтте сәукеле ұстаған анамен бірге жүріп, ән шырқаған Жанболат пен Жазира желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік ерлі-зайыптылардың жұптары жазылмай барлық жерде бірге жүргендерін тілесе, енді бірі қыз ұзату сәтінде Жанболаттың ән салғанын құптамады деп хабаралайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Жазира Байырбекова Instagram парақшасына қыз ұзату сәтінде түсірілген видеосымен бөлісті.

Кадрда сәукеле ұстаған әйелдің жанында Жазира мен Жанболаттың ән салып тұрғанын көруге болады.

Желідегілердің басым бөілігі әрдайым бірге жүретін ерлі-зайыптылардың жұбы ажырамасын деп жазса, кейбірі Жанболаттың қыз ұзатқаны қисынсыз деп білген.

"Жұптарыңыз жазылмасын, бақытты болыңыздар", "Екеуінің де даусы керемет", "Екеуіңіздің бірге ұзатқандарыңыз әдемі, бір жағынан үлгі боласыздар", "Ер адам бұл жерде артық болар", "Жазира ханым, барлық туыстарыңызды ертіп алмадыңыз ба ұзату тойға", - деп жарыса жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1824570-tojda-birge-kyz-zatkan-zanbolat-pen-zazira-kyzu-talkyga-tsti-video/

pixel