RU
Мемлекет басшысы: Алматыда жемқорлық жоғары деңгейде өршіп тұр

Мемлекет басшысы: Алматыда жемқорлық жоғары деңгейде өршіп тұр

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы оңтүстік астанада өтіп жатқан жиналыс барысында Алматыдағы жемқорлық туралы айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Алматы экономикасында шағын және орта бизнестің алар орны ерекше. Кәсіпорындарда жұмыс істеуге қабілетті халықтың 60% -дан астамы жұмыс істейді. Бірақ қала көрсеткіш жағынан артта қалып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың таралуы, тексерулердің басым болуы жағынан", - деді президент.

Мемлекет басшысының ойынша, мегаполисте азық-түлік бағасының шарықтауына жол бермеу керек.

"Бизнес өзі дамып, жаңа жұмыс орындарын құруы керек. Алматы елдің басты іскерлік орталығы дәрежесін нығайтуы керек. Азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу керек. Ең алдымен нан мен еттің бағасын. алматыдағы баға өсімі 10 пайызды құрап отыр", - деп атап өтті президент.
"Үкімет пен әкімдіктер мен мемлекеттік сыңайлы құрылымдарда өздерін экономика саласының маманы ретінде көрсететін адамдармен жұмыс істейді, олай болса біздің экономика үшін пайдалы нәрсе жасаңыз", - деді Тоқаев тыңдаушыларға.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстан президенті Алматыға ұшып келген еді. Ол оңтүстік астананың даму және әлеуметтік мәселесі талқыланатын жиынға қатысуда.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel