RU
Жазира Байырбекова көз жанарынан айырылған аруды тегін ұзатқаны рас па

Жазира Байырбекова көз жанарынан айырылған аруды тегін ұзатқаны рас па

Рассказать Вконтакте

КТК арнасындағы Астарлы ақиқат бағдарламасына қонаққа келген Жазира Байырбекова зағип жанды ұзатуына ненің түрткі болғанын ашып айтты. Сондай-ақ ол екі көзінен бірдей айырылған аттасы жайлы естігенде жоспарларынан да бас тартқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Жазира Байырбекованың сөзінше, ол өзінің батыл аттасы үшін Алматыға арнайы ұшып келген.

"Тойдан бір күн бұрын Астанада болып, содан тіке Қызылордаға ұшуым керек болған. Бірақ Жанболат өзі ұша берді де, мен осындай батыл, білімді, еңбекқор Жазира деген қыздың ұзатуы болады дегенді естіп Алматыға арнайы ұшып келдім. Күнде қыздар хабарласады, бірақ бәріне уақыт табу мүмкін емес. Көпке үлгі бола алатын қыз болғандықтан, мен уақытымды бөлдім", - дейді әнші.

Сонымен қатар, өнер иеса Жазираны ұзатып, сүйіктісіне табыстар сәтте көз жасына ерік беріп, егіліп жылап алғанын да жасырмады.

"Жазираны сүйіктісіне жеткізер кезде өзімді босатып жібердім да, көзіме жас толып өлеңімді әрең айттым. Осындай жұп қанша адамға үлгі болып жатыр. Батылдығы, өмірге деген құлшынысы бізден жоғары. Соны көріп, қуаныштан жылап, еңкілдеп, "суретке түсейікші" деген адамдарға мән бере алмадым. Тіпті, сол мейрамхана қызметкерлері маған дәрі берді", - деп есіне алды Жазира Байырбекова.

16 жасында көз жанарынан айырылған аруды ұзатқан әншіге қыздың анасына да алғысын білдірді.

Оның сөзінше, Жазира Байырбекова той иелерінен бір тиын да алмаған екен.

"Желі болғаннан кейін талай адам Жазираға талай сөз айтып жатыр. "Біреу Жазира көп адамға келе бермейді. Әке-шешесі (қыздың - ред.) ақшалы болғаннан кейін келген шығар дегенді айтып жатыр. Олай емес. Жазира бізден бір тиын да алған жоқ. Сол үшін оған аналық алғысымды айтып, басымды иемін", - дейді ұзатылған бойжеткеннің анасы.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel