RU

"Макгрегор – маймыл": Жалғас Жұмағұлов ирландиялық жұлдыз туралы пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов ирландиялық спортшы Конор МакГрегорға қатысты сыни пікірін білдіріп, оның елімізге келуін құптамайтынын алға тартты деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: instagram.com/zhumagulov_zhalgas, /thenotoriousmma

Коллаж: instagram.com/zhumagulov_zhalgas, /thenotoriousmma

"МакГрегор - маймыл. Оның Қазақстанға келгенін қаламаймын", – дейді спортшы.

Жұмағұловтың ойынша, ирландиялық көбінесе бос сөз айтып, жағымсыз өмір сүру салтын ұстанады.

Сондай-ақ Жалғас МакГрегор Қазақстанға сапармен келген жағдайда, отандастарынан онымен кездесуге бармауды сұрайды. Оның ойынша, ирландиялық ешбір жақсы нәрсеге үйретпейді.

Еске сала кетейік, МакГрегор Мәскеудегі баспасөз мәслихатында жағымсыз пікірлер білдіргеннен кейін оның тоқтаған қонақүйін дағыстандықтар қоршап алғанын хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Макгрегор – маймыл": Жалғас Жұмағұлов ирландиялық жұлдыз туралы пікір білдірді
Mailfire view pixel