RU
Тоқаев: Көк-Жайлау жобасымен айналысуға тыйым саламын

Тоқаев: Көк-Жайлау жобасымен айналысуға тыйым саламын

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының даму мәселелерін талқылау үшін оңтүстік шаһарға келді. Жиналыс барысында президент Алматының ең негізгі проблемаларын атап, Көк-Жайлау жобасымен айналысуға тыйым салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Today.kz

Көрнекі фото: Today.kz

Тағы оқыңыздар:

Президент Алматыға екі күндік жұмыс сапарымен келді >>

Мемлекет басшысы: Алматыда жемқорлық жоғары деңгейде өршіп тұр >>

Тоқаев төрағалығымен Алматыны дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтуде >>

Президент Алматының лас ауасы, таза экологиялық транспорттық көліктерді дамыту, жеке секторларды газбен қамтамасыз ету, қаланы көгалдандыру мәселелері бойынша бірқатар тапсырма берді.

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасарына Көк-Төбеде көшет отырғызғаны үшін сөгіс жариялады. Оның айтуынша, игі іс жеңіл әзілге айналып кеткен.

"Көк-Жайлау жобасымен айналысуға тыйым саламын. Оның қажеті жоқ. Керек емес. Үлкен Алматы көлі, Медеу - әкімдіктер 86 стихиялық қоқысты анықтаған. Туристік нысандардың ластануына жол бермеу үшін шаралар қабылдауды тапсырамын. Қоқысты қайта өңдеу керек", - деп атап өтті президент.

Тоқаев қала әкімшілігі қоқыс өңдейтін зауыт салу үшін инвесторлар тарту керегін айтты.

"Әлем бойынша пластикалық пакеттерден бас тарту тәжірибесі қарқын алып жатыр. Біз де қолдайық. Бізде де мұндай бастама бар", - деді Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel