RU
Мемлекет басшысы: Алматы қылмыс деңгейі бойынша бірінші орында тұр

Мемлекет басшысы: Алматы қылмыс деңгейі бойынша бірінші орында тұр

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының даму мәселелерін талқылау үшін оңтүстік астанаға келді. Жиналыс барысында ол Алматының қылмыс деңгейі бойынша бірінші орында тұрғанын атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Тағы оқыңыздар:

Мемлекет басшысы: Алматыда жемқорлық жоғары деңгейде өршіп тұр>>

Тоқаев: Көк-Жайлау жобасымен айналысуға тыйым саламын>>

"Жемқорлықтың қайнар көзі": Тоқаев шетелдіктерді тіркеу туралы айтты>>

Тоқаев: Асқар Жұмағалиев, Алматы үшін не жасағыңыз келеді?>>

"Алматы – қылмыс деңгейі бойынша бірінші орында. Басым бөлігін ұсақ құқық бұзушылықтар, ұрлықтар, бұзақылықтар құрайды. Бұл – басты проблемалардың бірі
"Денис Тен секілді жарқын адамды жоғалтып, қарапайым терезе ұрлығының неге алып баратынына көз жеткіздік. Алматы қауіпсіз қала болуы керек.
Жол қозғалысының мәдениеті күрт төмендеп кетті. Заңнамаға жазаны қатаңдату нормалары енгізіледі. Алкогольдік немесе басқа да масаю күйінде рөлге отырған адамдар түрмеге қамалады.
Қомақты айыппұлдар салу, өмір бойына жүргізуші куәлігінен айыру, мүлкін тәркілеу арқылы жазаға тарту керек.
Өткелдер, көпірлер құрылысына мән беру керек", – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ ол мемлекеттік басқару жүйесі ашық әрі қолжетімді болу керектігіне тоқталды.

"Заманауи сандық технологияларды белсенді түрде енгізу қажет. Алматыда ірі ұйымдар, жастар құрылымдары, бұқаралық ақпарат құралдары шоғырланған.
Жақсы,пайдалы заттарды қолдану керек, ескіргенін шығару қажет. Алматы әкімдігінен үлгі көрсетуін күтемін, әкім – үкіметті басқарған тәжірибелі басқарушы, оның қолынан келеді", – деп атап өтті президент.
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
3
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel