RU
Вакцинациядан бас тартқан ару өз-өзіне шешек ауруын жұқтырып алды

Вакцинациядан бас тартқан ару өз-өзіне шешек ауруын жұқтырып алды

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Калифорния штатындағы ғылыми зертхананың тағылымгері вакцинаны сынақтан өткізу кезінде өзіне абайсызда шешек ауруын жұқтырып алған деп хабарлайды mednote.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Басылымның мәліметінше, зертханада тәжірибеден өтіп жүрген қызға VACV вакцинасымен жұмыс істеуге тура келді.

Ол вирустан вакцина жасау және гендерді зертханалық жағдайда биологиялық жүйелерге жеткізу үшін пайдаланылады.

Жұмыстың алдында бойжеткенге вакцинация алуға кеңес берілді, алайда ол бас тартқан. Келеңсіз оқиға араға үш ай салғаннан кейін болды.

VACV генетикалық түрлендірілген нұсқасын тышқанның құйрығына енгізу кезінде ару инені өзінің саусағына абайсызда сұғып алған.

Бойжеткен болған жағдайды бірден басшылыққа жеткізіп, дәрігерлердің көмегіне жүгінеді.

Ал 10 күннен кейін оның саусағы ісіп, тағы екі күн өткен соң қызуы көтеріліп, лимфа түйіндері ұлғая бастайды. Сол себепті бойжеткен бірден жедел жәрдем бөлімшесіне жеткізледі.

Дәрігерлердің қарауында болған ару екі тәуліктен кейін өз-өзіне келді. Қызуы түсіп, лимфа түйіндері қалпына келді. Десе де, саусақты емдеуге көбірек уақыт кеткен.

Бойжеткен төрт айда аяғынан тік тұрды. Кейірінек ол вакцинациядан бас тартып, өзінің басын қандай қатерге тіккенін айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel