Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелдердің шашы неге жиі түседі, үй жағдайына арналған күтімдер

Опубликовано:

Әйелдер қауымының 40 пайызы 35 жасқа қарай шашының жұқарып,түсе бастағанына шағымданады. Тіпті, бұл жасы 30-ға жетпеген арулардың өзекті мәселесіне айналған. Жалпы шаш неге түседі? Біз қандай жайттарға мән бермей жүрміз? Passion.ru порталы шаш түсуінің бірнеше себебін атады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: 24tv.ua
Фото: 24tv.ua: Twitter

Шаштың түсуі немесе алопеция - кез келген жаста, әртүрлі себептермен болуы мүмкін. Мәселен, экология, күйзеліс, дұрыс тамақтанбау, дәрілік препараттарды көп пайдалану, босанғаннан кейнгі гормон ауытқушылығы сияқты дүниелер себеп болып жатады.

Адамның шашы бірден түсіп қалмайды екен. Яғни, жоғарыда аталған жайттар сіздің өміріңізде кездессе, сол оқиғалардан соң 5-6 айдан кейін ғана шаштың түсуі байқалады.

Айта кететін бір жайт, күз маусымында шаштың түсуі жиілейді. Бұл ауа райы мен темір жетіспеушілігіне байланысты болмақ. Дегенмен, күз мезгілінде бір шашыңыз түссе, оның орнына екінші шашыңыз қайта өсетінін ескерген дұрыс. Күніне 100 талдан 200 талға дейін шашыңыз түссе, бұл қалыпты жағдай.

Егер шашыңыз түсе-түсе тым жұқарып кеткенін байқасаңыз, онда кәсіби маман - трихологтарға барғаныңыз дұрыс. Білікті дәрігер болса, сізге жақсы ем жасауы керек.

Ал үй жағдайында құрамында жалбыз, кайен бұрышы, түймедақ, қалақайы бар сусабындар мен маскаларды пайдаланған жөн.

Сондай-ақ, В дәрумені бар тағамдарды жиі тұтыныңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824615-jelderdi-sasy-nege-zii-tsedi-j-zagdajyna-arnalgan-ktimder/

pixel