RU
"Тоқал ретінде қабылдағысы жоқ". Отбасылы азаматпен көңіл қосқан кейіпкер сырын ақтарды

"Тоқал ретінде қабылдағысы жоқ". Отбасылы азаматпен көңіл қосқан кейіпкер сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Кезінде өзі де тоқалдыққа қарсы болған 31-ге келген бойжеткен іштегі сырымен бөлісті. Қазір өмірде кейбір нәрселерді уақыттың сұранысына қарай өзгертуге болады деп санайтын ару тоқалдыққа рұқсат берсе дейді. Кейіпкер неліктен бұндай ойға келгенін "Алаш айнасына" баяндап берді.

Көрнекі фото: b17.ru

Көрнекі фото: b17.ru

Өзін-өзі қамтамассыз етіп отырған кейпікер әзірге тұрмысқа шығуға ұсыныс білдірген жігіттің жоқ екенін айтады.

"Бухгалтермін. Қосымша кейбір ұсақ компаниялардың есеп-қисабын жүргізіп беріп ақша да табамын. Бір бөлмелі жатақханам бар. Материалдық тұрғыда тәуелсізбін деп айта аламын. Бірақ, сол отыздан ассам да, жалғыз жүргенім жаныма батады", - деді ол.

Жалғыздыққан жабыққан кейіпкер бір жылдан бері 46 жастағы отбаслысы әріптесімен араласатынын айтады.

"Алғашында жай қызығушылықпен тиіскенмен, сол жасыма дейін қыз болып жүргеніме сүйсінді-ау деймін, арамыз содан бері үзілген емес. Ол туралы өзіме де айтқан. Бірақ бір шаңырақ астына тұратындай әңгіме айтпайды. Шыны керек, біреудің шаңырағын бұзғызып, өзіме қосатын ойым жоқ.
Бірақ, араласатын құрбыларымның отбасын көріп, жақын жуықты көріп соңғы кездері екінші әйел болсаң да отбасын болудың қажет екенін, әйел адам үшін маңыздылығын сезініп жүрмін" ,- деп толықтырды ойға батқан келіншек.

Ол көңіл қосып жүрген жігітіне "мені тоқал етіп ал" деуге қысылады екен.

"Бірақ шыны керек, бүгінгі істеп жүргенім тоқалдың қызметі екенін білемін. Алдынан тәттілеп тамағын дайындап қоямын, арасында киім сатып әперемін. Балалы болғым келеді. Бала өзім үшін туғым келеді. Оны айтып түсіндірдім де, "ешқандай ақша талап етпеймін, өзім бағып қағамын" деп алдын ала айттым. Жасырып керегі не, өзі де гүлін алып келіп тұрады, ара тұра сыйлық та жасайды. Алайда тоқал ретінде қабылдағысы жоқ.
Осындайда ойлаймын, тоқал алуға неге рұқсат етпеске, ең болмаса балама әкесінің тегін алып бере алар едім, өзім туыстарымның алдында жолдасым деп те таныстыра алар едім. Тоқал алуға рұқсат беру талай жанбай қалған шырақтың жануына себеп болар еді. Шаңырақтардың себепсіз бұзылуының алдын алар еді. Сондықтан тоқал алуға рұқсат берсек, қоғамдағы бір мәселенің шешілгені болар еді", - деп ойын білдірген кейіпкер өз құрбысы жайлы да сөз қозғап кетті.

"Айта кетер жайт құрбым да біреудің тоқалы. Жақында әлгі ер адам көлік алып берді. Естуімізше, өз әйелі әлі көлікке отырмаған көрінеді. Өз әйелінен бұрын тоқалына көлік сыйлауынан-ақ оның кімді артығырақ жақсы көретіні көрініп тұр. Шынын айтайық, қазір тоқалы жоқ ер адам қоғамымызда кемде-кем. Тек заңды түрде рұқсаттың жоқтығы оларды қинайтын сияқты. Сондықтан тоқал алуды заңдастырсақ дұрыс болар еді" , - деп түйіндеді келіншек.

Сіздің реакцияңыз
21
3
4
1
1
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel