RU
Ақмола облысында басқарма басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды (видео)

Ақмола облысында басқарма басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды (видео)

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы ұсталды. Ол пар алды деген күдікке ілінген деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет видеосынан

Кадрлар: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет видеосынан

Ведомство ақпаратына сәйкес, басқарма басшысы ірі көлемде пара алуға қатысты болуы мүмкін.

Алдын-ала деректер бойынша, шенеунік бизнесмендердің бірінен 15 млн теңгеге жуық ақша алған болуы ықтимал. Аталған сома бірнеше ай бойы – биылғы мамыр айынан қазан айына дейін төленіп келген.

Болжамға сәйкес, басқарма басшысына қомақты сома атқарылған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін берілген. Құжаттарға қарағанда, өлкетану мұражайы мен Ғабдуллин атындағы мұражайда реэкспозиция жүргізілген.

Ведомствоның ақпарынша, күдікті қылмыс үстінде қолға түскен. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оған жоғарыда аталған соманың қалған бөлігі 5,7 млн беріп жатқан кезде ұстаған.

Шенеунік уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның тағдырын сот шешетін болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel