RU
Дәулет Тұрлыханов соңғы жекпе-жегі дау тудырған Қанат Исламға қолдау білдірді

Дәулет Тұрлыханов соңғы жекпе-жегі дау тудырған Қанат Исламға қолдау білдірді

Рассказать Вконтакте

Белгілі күрес шебері Дәулет Тұрлыханов боксшы Қанат Исламның соңғы жекпе-жегіне қатысты өз ойын ортаға салды. Өзінің Instagram парақшасына боксшы жайлы ойын ашық айтқан ол, Қанат Исламды еңбекқор спортшылардың қатарына жатқызған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: instagram.com/kanat_islam.boxing, /daulet_bolatuly_turlykhanov

Коллаж: instagram.com/kanat_islam.boxing, /daulet_bolatuly_turlykhanov

Дәулет Тұрлыхановтың сөзінше, соңғы жекпе-жектен кейін спортшыға қатысты әлеуметтік желілерде көп сын айтыла бастапты.

Грек-рим күресінен олимпиада жүлдегерінің сөзінше, Қанат Ислам қазіргі жетістігіне таза еңбектің арқасында жеткен.

"Қадірменді қазақ халқы, спорт жанкүйерлері, мен елім сыйлап құрметтейтін азамат ретінде өз ойымды, пікірімді сіздерге жеткізсем деп едім.
Жақында ғана Алматы қаласында өткен Қанат Исламның жеңісті кездесуінен кейін әлеуметтік желіде Қанатқа қатысты жағымсыз пікірлер туа бастады.
Мен Қанатты бойында қазақи құндылығы бар, тәрбиелі, үлкенді үлкен деп кішіні кіші деп сыйлайтын азамат ретінде біліп сыйлаймын. Қанат нағыз еңбекқор спортшы.
Спорттағы жеткен жетістіктерінің барлығы еңбек пен тердің арқасында келген. Қанатпен араласқан адам оның қандай адам екенін біледі", – деп бастаған ол жазбасын.

Спортшының пікірінше, Қанат ислам сияқты боксшыны қазақ халқы "көпке үлгі етуі керек".

"Бүгінгі күні Қанаттың жеңісі қазақ халқы, қазақ жастары үшін керек жеңіс. Біз мұндай жеңістермен қуанып, Қанаттай бауырларымызды өскелең ұрпаққа үлгі ретінде көрсетуіміз керек.
Ал әлеуметтік желіде Қанат жайлы жағымсыз пікiрлерді жазып жатқан азаматтарға айтарым сіздер айнаға қарап өз-өзіңізге сұрақ қойыңыз! Сіз кімсіз? Отбасыңыз, еліміз, жеріміз үшін не істедіңіз? Сонда сіздің қандай адам екеніңіз белгілі болады.
Қадірменді ағайын, қазақ халқым, тырнақ астынан кір іздеп бір-бірімізді жамандамайық. Мұндай жеңістерімізбен біз мақтанып өз батырларымызды әрқашан құрметтеп, қошеметтеп, бағалап жүре берейік!", - деп жазды Тұрлыханов.

Желі қолданушылары атақты балуанды жаппай қолдай кеткен. Олар:

"Дұрыс айтасыз аға", "Орынды сөз", "Дәл айттыңыз, Қанат бүгіннің батыры", "Қанаттың мықтылығына ешкімнің күмәні жоқ" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қазан күні Қанат Ислам намибиялық боксшы Каутондокваны жеңген болатын.

Алайда қазақстандық жанкүйерлердің боксшының жеңісіне көңілі толмаған.

Айта кетейік, Қанат Исламның жеңісіне қатысты Әлемдік бокс ұйымы да пікір білдіріп, мәлімдеме жасаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
17
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel