RU
Айдын-күннің аманында көлігіне оқ тиген қарағандылық жүргізуші ашуға булықты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Айдын-күннің аманында көлігіне оқ тиген қарағандылық жүргізуші ашуға булықты (видео)

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 29 қазанда Қарағанды орталығында белгісіз біреу болжам бойынша, травматикалық қарудан жолда кетіп бара жатқан автокөлікке оқ атқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар: зардап шегушінің видеосынан

Кадрлар: зардап шегушінің видеосынан

Оқиға Чкалов көшесі мен Бұқар Жырау даңғылының қиылысында орын алды. Жүргізуші қатты дыбысты естіп, бірден тоқтаған. Көлігінен шығып, артқы есіктің терезесі шытынап кеткенін байқаған.

"Бұл не деген сұмдық? Полиция қайда қарап отыр?", – дейді ашынған жүргізуші.

Дегенмен, ол әлі полицияға жүгінбеген.

"Полиция қызметкерлері видеоны қарап шықты. "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта аталған азаматтан қандай да бір арыз түскен жоқ", – деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция күдіктіні іздестіруде.

Бұдан бөлек, құқық қорғау органдары биылғы 8 қазан күні Қарағандыда қоғамдық көліктерге оқ атқан адамдарды әлі тапқан жоқ.

Ол кезде белгісіз азаматтар қаладағы ең танымал бағыттағы №40, №45 және №33 автобустарға шабуылдаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel