RU
ШҚО-да 7 жасар қызға азғындық әрекет жасады деп күдіктелген азамат өз-өзіне қол жұмсады

ШҚО-да 7 жасар қызға азғындық әрекет жасады деп күдіктелген азамат өз-өзіне қол жұмсады

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында жантүршігерлік оқиға орын алды. Болжам бойынша әйел адаммен бірге тұратын ер адам оның 7 жасар қызына зорлық әрекеттер көрсеткен. Қыздың анасы мән-жайды хабарлап, полициға жүгінді. Алайда, тәртіп сақшылары күдіктіні өлі күйінде тапқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, оларға жәбірленушінің анасы жүгініп, 2012 жылғы қызын бірге тұратын ер азаматтың қорлағанын жеткізген.

Күдікті зорлық әрекеттерін мас күйінде жасаған. Кішкентай қыз оған төтеп бере алмаған.

Арыз түскен соң полиция тексеру жұмыстарын жүргізді. Күдіктіге іздеу салынды. Алайда, біршама уақыттан кейін ер адам асылып қалған күйінде табылды. Тергеушілердің болжамынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған іс бойынша барлық қажетті сараптамалар жүргізілуде.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel