RU
Өскеменде науқас ұлы бар көпбалалы ана "времянкада" тұрып жатыр (фото)

Өскеменде науқас ұлы бар көпбалалы ана "времянкада" тұрып жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Өскеменде "Алтын алқасы" бар ана "времянканы" мекендеп отыр. Ахмер ауылында тұратын Гүлжан Бөлекбаева екі жыл бұрын мүгедек атанған науқас ұлын да өзі асырауда деп жазады Altaynews басылымы.

Кадр видеодан

Кадр видеодан

Гүлжанның ұлы Жәнібектің екінші топтағы мүгедек атанғанына екі жыл. Табиғатынан тұйық бала колледждің алғашқы курсында оқып жүргенінде бөгде мінез тауыпты. Дәрігерлердің айтуынша, "бала әлденеден шошынған".

"Ол үндемейтін болып алды. Дыбыссыз. Ешқандай жауап жоқ. Өз ойымен жүреді. Тамақ ішпейді. Бір жарым ай болды" деген соң бардық. Барсақ, балам бұдан ары оқымайтынын айтып жылады. Себебін сұрасақ, "Осы этаждан қорқамын. Мұнда өлген адамдар бар" дей берді", – дейді Гүлжан Бөлекбаева.

Әуелде ана жүрегі баласының науқасқа шалдыққанына сенбеген. Өз жанына алғаннан кейін көңілі орнына түсіп, түзелер деп ойлаған.

Фото: Altaynews

Фото: Altaynews

"Мешітке қашып кетіп жүрді... Кейде полицейлер емханаға апарып та тастайды екен. Сондай күндердің бірінде психикалық емханаға жеткізілгенін естідім. Дәрігерлер психоз деген қағаз жазғалы жатыр екен. Мен баламның ауырмайтынын айтып дау-дамай көтеріп, қоярда-қоймай үйге алып кеттім. Алып кеткеннен кейін мені танымай, өзіме қарсы жүгіретін болды. Ақыр аяғы күйеу балаларымды шақырып, баламды емханаға өз қолыммен табыс еттім", – дейді Гүлжан Бөлекбаева.

"Алтын алқалы" ананың айтуынша, Жәнібектің еш нәрсеге қызығушылығы жоқ. Ұялы телефоннан қабір азабы туралы видеоларды ғана көреді. Көріп болғаннан кейін "Мама, демек, Алла тағала мені жақсы көрген ғой", "Шайтан деген көп болады екен" дейді.

"Екі жылға жуықтады. Күні бүгінге дейін ұйықтамаймын", – дейді Гүлжан Бөлекбаева.

Мазасы кеткен ананың ұйқысыз түндер өткеріп келе жатқанына екі жыл болса, қалалық әкімдіктен бастап түрлі мекеменің табалдырығын тоздырған күндеріне – 6 жыл. Ол аядай бір бөлмеде 5 баламен тұрады.

Ол әкімге кіріп, арыз жазып қалдырыпты.Әкімдіктегі қызметкерлер қағазын алып қалыпты. Бірақ, оның тиісті жерге жеткен-жетпегені белгісіз.

"Арада екі жарым ай өтті. Хаттың жауабы әлі келмеді. Қызметкерлерге қоңырау шалсам, оны-мұны сылтауын айтады. Біресе қабылдау бөліміне жібереді. Ондағылардан да мардымды жауап ала алмадым", – деп күйінеді көпбалалы ана.

Гүлжан Бөлекбаева арада екі жарым ай өткенде қала әкімінің ықшамаудандарды аралап, халықпен кездесіп жүргенін әлеуметтік желі арқылы біледі. Үзілмеген үміт жетелеп, бұл жолы да сол жиналыстардың біріне қатысады. Тағы да арыз айтады. Тағы да жағдайын, аты-жөнін жазып қалдырады.

Фото: Altaynews

Фото: Altaynews

"Балаларды бақытты қыламыз дейді ғой. Оқудағы қыздарым үлгілі оқушы. Дей тұрғанмен де, соңғы кездері оқулары нашарлап бара жатқанын айтады. Өйткені үйде сабағын жөндеп қарай алмайды. Науқас балам оларға маза таптырмайды. Сықпыртып тұрып боқтайды. Адамды аттап-бұттап, таптап жүре береді ол. Қыздарым оған бір ауыз сөз айта алмайды. Тек менің ғана алдауыммен сабырға келеді", – дейді Гүлжан Бөлекбаева.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel