Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Moody’s Investors Service «Tengri Bank» АҚ рейтингтерін растады

Опубликовано:

Moody’s Investors Service халықаралық агенттігінің кредиттік рейтингтер қызметімен «Tengri Bank» АҚ-на (бұдан әрі – Банк) b3-ке тең және ВСА-мен түзетілген, b2-ге тең (BCA) негізгі кредиттік бағасына негізделген жергілікті және шетел валюталарындағы ұзақ мерзімді В2 депозиттік рейтингтері берілді.

Moody’s Investors Service «Tengri Bank» ақ рейтингтерін растады: болжам - тұрақты
«Tengri Bank» АҚ-ның b3-ке тең негізгі кредиттік бағасы қазіргі уақыттағы Банктің оңды қаржылық көрсеткіштерінің арасындағы балансты, «Capital Bank Kazakhstan»АҚ және «AsiaCredit Bank» АҚ-мен болжалды бірігуге байланысты тәуекелдің төмендеуін және Қазақстан Үкіметінің біріккен банкке қаржылық көмек көрсетуі ықтимал екенін айқындайды, бұл өз кезегінде келеңсіз жағдайлардың туындауын толығымен өтейді. «Банк акционері – Punjab National Bank-тің тарапынан көрсетілетін қолдауды ескере отырып, Банктің депозитіік рейтингіне 1 жолақ қостық, 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Punjab National Bank-ке «Tengri Bank»АҚ капиталы акцияларының 41,6% тиесілі болды, - делінген рейтингтік агенттік сарапшыларының хабарламасында.

Халықаралық ұзақ мерзімді депозиттік рейтинг болжамы – тұрақты.

***

Банк туралы ақпарат:

«Tengri Bank» АҚ – негізі 1992 жылы «Данабанк» ЖБ ретінде қаланған қаржылық тұрақты және қарқынды дамып келе жатқан Банк. 2010 ж. Punjab National Bank (Үндістан) «Данабанк» АҚ-ның акцияларының 64% көлеміндегі бақылау пакетіне ие болды, бұдан кейін бұл көрсеткіш 84%-ға дейін өсті, және Банк атауы «Punjab National Bank- Қазақстан» еншілес банкі» деп өзгертілді. 2015 жылы Punjab National Bank (Үндістан) бизнесті бірлесіп дамыту үшін қазақстандық инвесторларды жұмылдыруды жөн көрді. Соның нәтижесінде Банктің жарғылық капиталы 76,5%-ға артты. 2016 жылдың 9 наурызында Банк ребрендингті жүзеге асырып, атауын «Tengri Bank» АҚ деп өзгертті. «Tengri Bank» өзін операциялық және сервистік моделі жан-жақты дамыған, бөлшек, орта және ірі бизнес субъектілеріне банк қызметінің кең түрлерін ұсынатын Банк ретінде көрсетуде. 2018 жылы банк активтері 4,1 %-ға өсті, несие портфелінің өсімі 18,4 %-ды құрады, бөлшек бизнестің депоизттік портфелінің өсімі – 135,4 %. Бүгінде Банк филиалдары Қазақстанның Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Тараз және Қаскелең қалаларында бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1824673-moodys-investors-service-tengri-bank-ak-rejtingterin-rastady/

pixel