Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысының әкімдігі "Архимедтің лапшасы" ролигіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Желіде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовке ұқсайтын ер адманың болжам бойынша, "Бест Костанай" ЖШС басшылығына нұсқау беріп жатқан сәтінен бейнеролик тарады. Жазбада ер адамның премьер-министр сапармен келген кезде өнімділік көрсеткішін асыра баяндау қажеттілігін айтып жатқанын естуге болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар: БАСЕ YouTube-арнасының видеосынан
Кадрлар: БАСЕ YouTube-арнасының видеосынан: Depositphotos

Аталған видео "Архимедтің лапшасы. Қостанайда Маминнің келуіне қалай дайындалды" деген тақырыппен БАСЕ YouTube-арнасында жарияланды.

Жазбада ер адамның "600-700 тонна деудің керегі жоқ, 1200 тоннаға жұмыс істейді деп айтыңдар" деген сөздерін естуге болады.

Бейнеролик желі қолданушыларының ғана емес, Қостанай облысы әкімдігінің қызметкерлері, сондай-ақ аталған компания басшылығының арасында да қызу талқыға түсті.

"Костанайские новости" басылымының ақпары бойынша, әкімнің сапары жөнінде облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Зәуре Байменова толығырақ айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, премьер-министрдің 23 қазандағы сапары кезінде "Бест Костанай" ЖШС-іне баруы жоспарланбаған.

Сондай-ақ басқарма басшысы облыс әкімінің аталған кәсіпорынға қыркүйек айында барғанын атап өтті. Ал бейнеролик үкімет басшысының соңғы сапарының алдында бір апта бұрын жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824679-kostanaj-oblysyny-kimdigi-arhimedti-lapsasy-roligine-katysty-pikir-bildirdi/

pixel