RU
Тоқаев браконьерлердің соңына түсіп, қаза тапқан инспекторды марапаттады

Тоқаев браконьерлердің соңына түсіп, қаза тапқан инспекторды марапаттады

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлердің соңына түсіп, қайтыс болған "Охотзоопром" инспекторы Әділ Кенжеғұловқа III дәрежелі "Айбын" орденін беру туралы қаулыға қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ

"Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен  жанқиярлығы үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының инспекторы Әділ Шарапатдинұлы Кенжеғұлов ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталсын", - делінген қаулыда.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 25 қазан күні Қызылорда облысында болған.

Қорықшылар браконьерлерді байқап, артынан қуа бастаған. Сол уақытта инспекторлардың көлігі аударылып кетіп, ішіндегі бір адам- Әділ Кенжеғұлов қаза тапты.

Ал қолға түскен браконьерлерден қару мен өлі жануарлардың тұтас еті табылған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel