RU
Дәрігерлер түнде тамақтанудың адам денсаулығына қандай зиянын тигізетінін түсіндірді

Дәрігерлер түнде тамақтанудың адам денсаулығына қандай зиянын тигізетінін түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Ресейлік ақ халаттылар түнде тамқтану адамның дене мүсініне ғана емес, ағзасына да кері әсерін тигізетінін мәлімдеді. Бұл туралы rg.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Мәселен, адамның ауыз қуысы түнде тамақ болмайды деп есептейді. Нәтижесінде, сілекей бездері өз белсенділіктерін төмендетеді.

Домодед стамотологиялық ауруханасының бас дәрігері Михаил Каюгин түнде тамақ ішу кариестің дамуына алып келетінін айтады. Тағамның кішкентай қалдықтары тіске жабысып, эмальді құрта бастайды екен.

Сонымен қатар, түнде тамақтану адамға ұйқы кезінде әрекет ететін жасушаларды жаңарту және қалпына келтіру тетіктерін бұзу қаупін тудырады. Ағзада жасаруға күш жетіспейді, өйткені ол ас ішуге мәжбүр. Бұл ерте қартаюға әкеп соғады.

Михаил Каюгин кешкі ас пен түнгі тамақтар жүрек-қантамыр ауруларын тудыруы мүмкін екенін де атап өтті. Глюкозаның артық болуы қан тамырларының қабырғаларына әсер етеді. Сондай-ақ, тромбтар мен атеросклеротикалық түйіншектердің пайда болу ықтималдығы жоғары.

Түнгі тамақтан ұйқының сапасы да жапа шегеді. Өйткені, асқа толы асқазанмен ұйықтау оңай емес. Кешке көп тамақтанған адам келесі күні міндетті түрде ауырсыну сезінеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
3
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel