Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚазҰУ студенті: Саны көп, сапасы жоқ блогерлер көбейіп кетті

Опубликовано:

Сәния Саттарова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің 2-курс студенті. Болашақ филолог маман KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатта жастардың әлеуметтік желіге не себепті әуес екенін айтып, қазақ қыздарының өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуына қатысты пікірін жеткізді.

Суреттер Сәнияның желіде парақшасынан алынды. Коллаж KAZ.NUR.KZ
Суреттер Сәнияның желіде парақшасынан алынды. Коллаж KAZ.NUR.KZ: Depositphotos

- Сәния желідегі парақшаңызды көріп, онда белсенді екеніңізді байқадық... Блогер болуды қаламайсыз ба? Қазір не себепті жалпы блогерлер көбейіп кетті деп ойлайсыз?

Желіде қатты белсендімін деп айта алмаймын. Өмірімнің бар-жоғы 10 пайызын ғана көрсететін шығармын. Әрине, мен өмірімде болып жатқан нәрсені желіде бөлісуді дұрыс деп тапсам уақтылы шығарып отырамын. Блогерлікке келетін болсақ, блогер болу жайлы кейде ойлаймын. Бірақ блогер болу да оңай емес. Бүгінгі күні саны бар, сапасы жоқ блогерлер көбейіп кетті. Қазір екінің бірі блогер болуға талпынып жатыр.

Әуесқойлық па, әлде оңай ақша табу жолы ма білмедім. Инстаны ашып қалсақ, бәрі шетінен блогер болып кеткен. Әрине блогерлерге қарсы пікір айтқым келмейді бірақ асыра сілтеп жіберетіні де бар...Мен үшін блогер қарапайым халықпен пайдалы мәлімметтермен бөлісіп отыратын, олардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге көмектесетін жандар деп білемін.

- Сол сияқты қазіргі жастар әлеуметтік желіде тым белсенді... Оның да себебі неде деп ойлайсыз? Желіге көп көңіл бөлеміз деп, дәстүрлі құндылықтардан айырылып қалып жатқан жоқпыз ба?

Әрине қазіргі заман ағымы дейміз ғой, жастар ғана емес тіпті үлкен жастағы кісілердің өзі де белсенді. Барлығымыз интернет желісіне тәуелді болып қалғанбыз. Шынайы күнделікті өмірде емес ғаламтор арқылы араласып жатамыз. Бұл арине қазіргі заманның дерті болды.

- Қазір қазақ киносы көп... Өзіңіз қандай отандық фильмдерді көргенсіз? Оларға қандай баға бересіз?

Соңғы рет "Томирис"фильмін көрдім. Өте керемет әсер алдым... Нағыз біздің елдің құндылықтары мен бай мәдениетін көрсетті десек болады. Осы күнге дейін біраз отандық фильмдерді көрдім, комедия жанрына келсек Нұрлан Қоянбаев ағамыздың фильмдерді өте қатты ұнайды.

- Қазақ жастарының арасында қазір ажырасу жағы да көп... Не себепті деп ойлайсыз? Жалпы болашақ жарыңыздың қандай болғанын қалар едіңіз?

Әлі тұрмыс құрмағандықтан бұл сұраққа толық жауап бере алмаймын. Дегенмен жастардың жауапсыздығынан деп ойлаймын. Үйлену оңай, үй болу қиын дегендей саналы түрде дайын болған кезде ғана отбасын құрған дұрыс деп ойлаймын. Мен болашақ жарымның бойында ең бірінші имандылық қасиеті болса екен деймін. Содан кейін ол адамның сауатты, болашағына үлкен мақсаттар қойып соған жетуге талпынатын еңбекқор болғанын қалаймын.

- Ал қазақ қыздарының өзге ұлт азаматына тұрмысқа шығуына қалай қарайсыз?

Қазақ қыздарының өзге ұлтқа тұрмыс құрғанына қарсымын. Қазақтың қаракөз қыздары тек қазақтың батыр жігіттеріне ғана лайық деп білемін. Қай елдің азаматы болса да, қанша жерден бар жағдайын жасап тұрса да6 қазағымның жігіттеріне жетпейді. Өзге ұлтқа олжа болып кеткенше, өз ұлтының көбеюіне, дамуына үлес қосқаны дұрыс.

- Соңғы рет қандай кітап оқыдыңыз?

Осы жақында ғана Әзілхан Нұршайықов атамыздың "Махаббат қызық мол жылдар" атты кітабын оқып бітірдім. Өзім білім алып жатқан ҚазҰУ шаңырағында білім алған студенттердің өмірі жайында жазылған өте керемет шығарма.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824685-kazu-studenti-sany-kp-sapasy-zok-blogerler-kbejip-ketti/

pixel