RU
Алматы облысының әкімдігі: Бағдат Манзоров қызметінен босатылмайды

Алматы облысының әкімдігі: Бағдат Манзоров қызметінен босатылмайды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының әкімдігі әкім орынбасары Бағдат Манзоровтың қызметінен босатылмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Almaty.rv

Фото: Almaty.rv

Ведомствоның баспасөз қызметінде Манзоровтың жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында екенін айтты.

"Оның еңбек демалысы 1 қараша күні аяқталады. Ол аталған оқиғадан кейін жұмыс істей ме, жоқ па өзі шешеді. Қандай жағдайда да Манзоров біздің штатта және басшылық оның жұмысына оң баға беріп отыр. Қызметінен босатылмайды", - деді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінде.

Еске сала кетсек, осыған дейін желіде Алматы облысының әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың қыркүйек айының соңында ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Кейіннен бұл мәліметті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Кейіннен Манзоровтың аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктеліп, үй қамақта отырғаны белгілі болды.

Бұл жайында да сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мәлімдеді. Ал 29 қазанда Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
7
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel