Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда джипті тізгіндеген мас жүргізуші екі адамды қағып кетті (фото, видео)

Опубликовано:

Ақтау қаласында Lexus LX 570 жүргізушісі жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, жаяу жүргіншілерге арналған жолда екі адамды қағып, ары қарай жеңіл көлікке соқтығысқан деп жазады Lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. 

Фото: Lada.kz
Фото: Lada.kz: Facebook

Оқиға 29 қазан күні 13:00-де туризм колледжінің алдында орын алған.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жәбірленуші қыз баланы аймақтық аурухананың травматологиялық бөліміне жеткізген. 

Дәрігерлердің жеңіл көлікте болған ер адамды да медициналық мекемеге алып барғаны белгілі болды.

Осы жағдайға байланысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

" Lexus LX 570 жүргізушісіне қатысты Қазақстанның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабы 3 тармағы ("Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру") бойынша әкімшілік хаттама толтырылған", - деді ведомство өкілдері.

Басылымның мәліметінше, жол апатына кінәлі адамның көлігі айып тұрағына жеткізілді.

Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін ол бес жылға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824703-aktauda-dzipti-tizgindegen-mas-zrgizusi-eki-adamdy-kagyp-ketti-foto-video/

pixel