RU
Қазақстандықтар зейнетақы жинағындағы ақшаны шеше алады ма

Қазақстандықтар зейнетақы жинағындағы ақшаны шеше алады ма

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинағын пайдалана алатындардың есебін шығарды. Олардың мәліметінше, еліміздегі 20 мен 63 жас аралығындағы тоғыз мыңнан астам ер азамат және екі мыңдай әйел адам ғана тұрғын үй немесе білім алу үшін зейнетақы қорындағы қаржысын пайдалана алады деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Министрлік жүргізген есептеулер бойынша, зейнетақыны мерзімінен бұрын алу үшін 20 жастағы жігіттің шотында 6 миллион теңгеден астам ақша болуы тиіс.

Ал елімізде мұндай салымы бар бірде-бір адам жоқ екені анықталған.

Алты миллионнан астам қаржы жинай алған тоғыз мыңнан астам адам бар екені белгілі болды.

Алайда олардың жасы 30-60 аралығында болып табылады.

Қазіргі уақытта барлық жинақ көлемі 108 миллиард теңгені құрайды.

Телеарна дерегінше, әйелдерге қатысты салым шегі ер азаматтарға қарағанда жоғары белгіленген. Мысалы 20 жастағы қыз 9 миллион теңгеден асыра жинаған болуы шарт.

Жасы ұлғайған сайын көрсеткіштер өсе береді.

Бұл деректер елді шошытқаннан кейін министрлік оның әлі де түзетілуі мүмкін екенін алға тартты.

"Бұл жұмыс тобының ұсынысы ғана. Бүгінгі таңда әлі ешқандай шешім қабылданған жоқ. Есептеулердің барлығы бірыңғай зейнетақы жинақ қорымен жасалды. Барлық ұсыныстілектерді біз әлі де қарайтын боламыз", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ақмәди Сарбасов.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Сіздің реакцияңыз
32
3
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel