RU
Шымкент қаласында атыс болып, бірнеше адам жарақаттанды

Шымкент қаласында атыс болып, бірнеше адам жарақаттанды

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласындағы дәмханалардың бірінде атыс болып, төрт жігіт жарақаттанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Келеңсіз жағдай Арғынбеков көшесінде орналасқан дәмханалардың бірінде 29 қазан кешкі сағат 17.00 шамасында орын алды.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы төрт жігітті қалалық нөмірі бірінші клиникалық ауруханаға жеткізген. 

"Қазіргі уақытта Шымкент қалалық нөмірі бірінші аурухана дәрігерлері қажетті ем-домын жасап жатыр. Төрт пациенттің де іш тұсына оқ тиген"-деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, дәмханадағы атыс салдарынан 25-30 жас шамасындағы бір жігіт көз жұмған.

Алайда, бұл туралы әзірге Шымкент қаласы полиция департаменті ресми мәлімет берген жоқ.

Сіздің реакцияңыз
8
2
1
9
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel