Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сириядан оралған қазақтар соғысқа қалай қатысқанын айтып берді

Опубликовано:

Нұр-Сұлтандағы сот отырысы кезінде Сириядан оралған қазақтар соғысқа қалай қатысқанын баяндады. Олардың бірі автомат асынып қарауыл күзетінде тұрса, бірі байланыс қызметінде болған. Ал тағы бірі көлік жүргізушісі болып шабуылға араласыпты деп хабарлайды КТК арнасы.

Видеодан кадр: КТК
Видеодан кадр: КТК: Facebook

2013 жылы Сәтбаев қаласынан Сирияға аттанған Данияр Алтаевтың лақап аты – Әбу Юсуф. Оның күрдтердің ауылына шабуыл жасағанда жаяу әскерді алыстан бүркемелеп тұратын көлігі болыпты.

Үстіне орнатылған пулеметті Нұрлан есімді тағы бір қазақ атып отырған екен. Ол ұрыс даласында көз жұмған да, Данияр оң қолынан жараланып ауруханаға түскен. Кейін тағы оң аяғынан жараланған ол қазір аяғына темір салынған күйі жүр.

Сұрауға алынған екінші сотталушы Дәурен Сәбитұлы балаларды оқыту, жесір әйелдерге көмектесумен айналыса жүріп, күзет қызметінде де болған.

Телеарнаның мәліметінше, жалпы, сотталушылар бір-бірін таныса да, жақын араласпағанын айтқан. Тек кімнің қандай қызмет атқарғанынан хабардар. Олар тек Сирияға барғанын, соғысқа қатысқанын ғана мойындайды. Бірақ лаңкестік топ құрып, оны басқарды, елді терроризмге шақырды деген айыптаулармен келіспейді.

Кейбірі тіпті "Аллаһу әкбарды" не үшін айтып жүргенін де білмейді деп хабарлайды телеарна.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824731-siriadan-oralgan-kazaktar-sogyska-kalaj-katyskanyn-ajtyp-berdi/

pixel