Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

600 мың теңге сұраған: Шымкентте таксист өзінің жүріп бара жатқан көлігінен секіріп түскен

Опубликовано:

Түркістан облысының полицейлері такси жүргізушіні қорқытып, көлігін тартып алған қылмыстық топты қолға түсірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Қазығұрт АПБ-ге Шымкент қаласындағы такси фирмаларының бірінде жұмыс істейтін азамат арыз жазған. Ол белгісіз екі жас жігіт өзін ұрып-соғып, өлтіремін деп қорқыту арқылы 600 000 теңге талап еткенін айтқан.

Тәртіп сақшыларының анықтауынша, күдіктілер такси қызметін пайдаланып, Қазығұртқа апарып-әкелуге келіскен.

Ордабасылық таксистің сөзінше, олар өзін пышақпен қорқытып, ақша сұраған. Осы сәтте жәбірленуші жүріп бара жатқан көлігінен секіріп түскен. Дене жарақатын алған ол жолдан көлік тоқтатып, аудандық полиция бөліміне келген.

"Аудандық полицейлер дереу жедел-іздестіру шараларына кірісіп, жәбірленуші мен куәгерлерден жауап алды. Жәбірленушінің көлігі оқиға орнынан 50 шақырым жерден, Сарыағаш ауданынан табылды", - делінген хабарламада.

Күдіктілердің жеке басы анықталып, біреуі Нұр-Сұлтан қаласына қашып бара жатқан жерінен Қордайда ұсталды.

Ал екіншісі Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерден құрықталды. Күдікті жас жігіттердің екеуі де Сарығаш ауданының жұмыссыз тұрғындары болып шықты.

Полицейлер табылған көлікті заңды иесіне қайтарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824737-600-my-tege-sragan-symkentte-taksist-zini-zrip-bara-zatkan-kliginen-sekirip-tsken/

pixel