RU
Сириядан оралған қазақстандық әйгілі Гуантанамо түрмесіне түсуді армандаған

Сириядан оралған қазақстандық әйгілі Гуантанамо түрмесіне түсуді армандаған

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда елде тыйым салынған ДАИШ террорлық ұйымына қатысы бар деп күдіктелген 14 азаматқа қатысты сот отырысы өтуде. Олардың бірі 31 жастағы Дәурен Сәбитұлы деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: КТК

Видеодан кадр: КТК

Отырыс барысында Дәурен қарулы қақтығыстарға қатыспағанын айтты. Ол тек әйелдер мен балаларға араб тілін оқытқанын мәлімдеді.

31 жастағы азамат алғашында Қазақстанға оралғысы келмепті. Ол әлемге әйгілі Гуантанамо түрмесіне тап болуды армандаған екен.

Дәурен Сәбитұлының түсіндіруінше, ол жақта жеңіл жаза береді деп естіген көрінеді.

"Мен сол жерге баруды армандадым", - деген азамат кейіннен ойынан айнып, отанына ораламын деп шешіпті.

Дереккөз КТК арнасы

Айта кетейік, сот отырысында Сириядан оралған қазақстандықтар соғысқа қалай қатысқанын айтып берген болатын.

Олардың бірі автомат асынып қарауыл күзетінде тұрса, бірі байланыс қызметінде тағы бірі көлік жүргізушісі болған.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel