RU
Назарбаевтың шетелдік сапарларына қанша қаржы төленетіні белгілі болды

Назарбаевтың шетелдік сапарларына қанша қаржы төленетіні белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелдік сапарларына бөлінетін қаражаттың көлемін атады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министр бюджеттік төлемдердің бәрі заң аясында жасалатынын жеткізді.

Оның айтуынша, "Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы туралы" арнайы заң бар.

Сондықтан Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы ассамблеясын басқарып отырғаннан кейін елдің атынан шетелдік сапарларға шығып тұрады.

"Мәселен, жақында ғана Елбасы Баку қаласында болып, түркі тілдес елдердің саммитіне қатысты. Жапонияға барды. Сол жақта жаңа императордың таққа отыру рәсіміне қатысты. Тұңғыш президент туралы заңға сәйкес, осы сапарлардың барлығына бюджет қаражаты қарастырылған", - деді сыртқы істер министрі.

Мұхтар Тілеуберді бюджетте барлық мемлекеттік қызметшінің сапарларына қаржы қарастырылғанын атап өтті. Олардың қатарына мемлекет басшысы мен үкімет басшысы да кіреді.

"Бүгінде арнайы кесте бар. Онда төлемдердің лимиті көрсетілген. Шамамен 100 доллар. Еуропа елдерінде күнкөріс деңгейі жоғары, ол жақта 100 доллар болса, Азия мемлекеттерінде – 80 доллар", - деп атап өтті Тілеуберді.

Еске сала кетсек, жақында Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияның императоры Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысты.

Қазақстанның тұңғыш президенті салтанатты шараға фрак киіп барды.

Назарбаев Токионың әкімшілік ауданында тұрды. Ол бос уақытында Минато ауданының көшелерімен серуендеді.

Елбасы Жапонияға сапары барысында Украина президенті Владимир Зеленскиймен де кездесті.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel