Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кей балаларым қарсы болды": Арбатта диджей болған әжей туралы не білеміз

Опубликовано:

Арбатта диджей болып жұртшылықты таңғалдырған әжейге қатысты жаңа деректер белгілі болды. Бір күнде жұлдыз болып шыға келген 65 жастағы зейнеткердің бұл өнеріне көпшілік тәнті болғанымен, кей балалары қарсы болған деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Желіде a.k.a Kempir лақап атымен танылған әжей зейнетке шықпай тұрып, саналы ғұмырын мемлекеттік қызметке арнаған. Алайда, қартайған шағында ол бала күнгі арманын орындамақ болып, ерекше өнерін қолға алған.

"Мен бәріне дәлелдегім келеді. Үйде қаншама әжейлер отыр. Шықсын, неге көрмеске? Мен соларға үлгі болғым келеді. Қашаңғы мәңгілік алаудың қасында тұрамыз?
Кеше мысалы, арбатқа бардық қой. Кезінде өзіміз де біреулер өлең айтқанда қол шапалақтап тұрдық. (...) Жиналған көпшілікті көріп, өзім жақсы болып қалдым. Мен ондайды жақсы көремін" , - дейді диджей әжей.

Кейуананың жаңа кәсібі мен образы халық көңілінен шыққанымен, өз балаларына мүлдем ұнамаған. Олар анасының бұл әрекетіне қолдау білдірмепті.

"Кезінде орындалмаған армандарымды орындайыншы деп балаларыма айтып жүр едім. Менің үйде өлең айтып жүретінімді бәрі біледі. Кейбір балаларым қарсы болды. Органда істейді. "Мама қой" деді. Мен қоймадым" , - дейді зейнеткер.

Айта кетерлігі, 65 жастағы әжей отандық телеарнаға сұхбат беруге қара түсті Gеlеndwagen көлігімен келген.

Еске сала кетейік, Алматының арбатында жастарға заманауи әндер қойып, желіде танымал болып шыға келген диджей әжей туралы бұған дейін жазған едік.

Мұндай танымалдылықтан кейін зейнеткерге деген сұраныс артып, енді 65 жастағы апа түнгі клубтарда өнер көрсетпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824743-balalarym-karsy-boldy-arbatta-didzej-bolgan-zej-turaly-ne-bilemiz/

pixel