Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеті "Нива" тігілген: Шардарада Болат Назарбаев берген көкпар қалай өтті

Опубликовано:

Түркістан облысы Шардара ауданында Болат Назарбаевтың ұлының құрметіне көкпар берілді. Аталған аламан жайлы Шымкенттегі №8 қысқы спорт мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оралхан Есенбаев айтып берді деп хабарлайды "Замана" басылымы.

Фото: "Замана" басылымы
Фото: "Замана" басылымы: Instagram

Есенбаев бір топ адаммен бірге тойдан бір күн бұрын барып, ұйымдастыру жұмыстарын атқарған екен.

"Көкпарда барлығы 25 жұп салым салынды. Оған Түркістан облысының барлық аудандарынан, еліміздің басқа облыстары мен Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен де көкпаршылар келіп қатысты. Жүлдеге 7 "Нива" автокөлігі және 300 мың, 500 мың теңгеден бірнеше салымдар тігілді.
"Нива" көлігінің үшеуін Түлкібас ауданынан келген көкпаршылар ұтып алды. Жұлдызхан Дайырбеков, Бағлан Шырынбаев және Түлкібас ауданының атымен қатысқан шәуілдірлік Бағлан деген жігіт салым салды. Екі "Нива" сарыағаштық Ғалымжан деген азаматқа бұйырды. Біреуін Арман деген жігіт ұтты. Жетінші "Ниваны" тараздық Оразалы деген азамат иеленді" ,- дейді ол.

Бұдан басқа, 300 мың теңгелік – 41 салым, 500 мың теңгелік 2 салым салыныпты. Иесіне жүлде әпергендер арасында Тұмар, Сүлікторы, Тойторы, Байторы, Адмирал, Қасқа, Аққұм, Крутой, Комиссар, Снайпер атты тұлпарлар бар екен.

Есенбаев тойға 1 тонна 200 келі күріштен палау басылғанын да айта кетті. Палау 7 мың адамға деп есептелген көрінеді. Той кезінде Болат Назарбаев Сүткенттегі тұрмысы төмен он шақты отбасыға 500 мың теңгеден және 1 миллион теңгеден ақша үлестіріпті. Ал тойға бата берген бір қарияға Болат Назарбаевтың қолынан 1000 доллар ақша бұйырған.

Бұл көкпарда оқыс жағдайлар да орын алған. Мысалы, Мұхтархан Ділдәбековтің бір тұлпары салым тастауға жақындап қалғанда сүрініп құлап мертігіпті. Көкпар шарты бо­йынша салым салынды деп есептеліп, оған 300 мың теңге жүлде берілген.

Ал Мұхтарханның ол аты қатты мертіккендіктен сол жерде адал сойылып, еті таратылыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824748-zeti-niva-berilgen-sardarada-bolat-nazarbaev-bergen-kkpar-kalaj-tti/

pixel