RU
Ғалымдар адам денсаулығы үшін өте зиян азықты атады

Ғалымдар адам денсаулығы үшін өте зиян азықты атады

Рассказать Вконтакте

Ғалымдар ет қоршаған ортаға теріс әсер етеді және ерте өлу қаупін тудырады деп дабыл қағуда. Оксфорд және Миннесота университеттерінің мамандары арнайы зерттеу жүргізген деп жазады Риа Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Оксфорд және Миннесота университетінің ғалымдары адам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін 15 азық-түлік өнімін зерттеген.

Ғалымдардың мәліметтерінше, балық, тауық, жұмыртқа, сүт өнімдері адам денсаулығын нашарлатып жіберуі мүмкін. Дегенмен олар қоршаған ортаға аса зиянсыз.

Ал өңделмеген қызыл ет - өлім деңгейін жоғарылатады, сондай-ақ қоршаған ортаға зияны да көп екен.

Зерттеушілер әлем бойынша адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды өнімдерді тұтыну тенденциясы қарыштап кеткенін айтуда.

Сол себепті ет жеуді азайтып, жеміс-жидек, көкөніс, жаңғақтар, бұршақтар мен жармаларға, зәйтүн майына көшуді ұсынып отыр.

Бұл азық-түліктер денсаулық пен қоршаған ортаға азырақ зиянын тигізетін көрінеді.

Сіздің реакцияңыз
4
5
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel