RU
"Жастық шақ": Төреғали өзімен бірге оқыған белгілі жұлдыздарды көрсетті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Жастық шақ": Төреғали өзімен бірге оқыған белгілі жұлдыздарды көрсетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақ өнерінде қолтаңбасы бар, әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде колледжде оқып жүрген кезіндегі суретін жариялады. Өнер иесі салған фотода еліміздің танымал адамдарын байқауға болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әнші студенттік сәтті еске түсіретін суретті Instagram-дағы парақшасында көрермендерге ұсынып, "Кімді таныдыңыз?" деген жазба қалдырды.

Кадрдан белгілі актерлар Асылхан Төлепов, Анара Батырхан, Ұлболсын Шалқарованың ортасында тұрған Төреғали Төрәліні байқауға болады.

Бұны көрген желі оқырмандары "Бәрі де танымал болды", "Өте ұйымшыл болғандарың көрініп тұр", "Жастық шақ", "Бұрынғы студенттер - қазіргі жұлдыздар", "Ерен еңбектің арқасында барлығы да танымал болды" деген пікірлерін қалдырды.

Сіздің реакцияңыз
5
4
0
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel