RU

Қазақстандық кәсіпқой боксшы төрт жылдық үзілістен соң рингке қайта оралмақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

25 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Роман Жайлауов (15-2, 9КО) төрт жылдық үзілістен кейін рингке қайта оралмақ деп хабарлайды ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "Қазақстанның кәсіпқой боксы" парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Роман Жайлауов. Фото: vk.com/kazproboxing

Роман Жайлауов. Фото: vk.com/kazproboxing

Boxrec сайтының ақпаратына сәйкес, Жайлауовтың кәсіпқой рингтегі 16-ыншы жекпе-жегі 31 қаңтар күні Данияда өтеді.

Екінші орта салмақтағы кездесу алты раундқа есептелген. Романның қарсыласы туралы мәліметтер әзірге жоқ.

Еске салсақ, қазақстандық боксшы соңғы айқасын 2015 жылдың желтоқсанында өткізді. Онда Конго Демократиялық Республикасының өкілі Пол Камангеден (21-2, 12КО) жеңіліс тапты. Жекпе-жек бірінші орта салмақта өткен.

Кәсіпқой рингке 2012 жылы келген Жайлауов алғашқы 15 кездесуін жеңіспен аяқтады. Кейін қатарынан екі рет жеңіліс тапқан.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандық кәсіпқой боксшы төрт жылдық үзілістен соң рингке қайта оралмақ
Mailfire view pixel