Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ирактық бақташылар "Ислам мемлекеті" жасырған қазынаны тауып алған

Опубликовано:

Ирак бақташылары елдің батысындағы жазықтан "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымының қазынасын тауып алды. Олардың жалпы сомасы 25 млн долларды құрайды. Бұл туралы Al-Arabiya телеарнасына сілтеме жасаған Риа Новости хабарлайды.

Көрнекі фото: pxhere.com
Көрнекі фото: pxhere.com: Depositphotos

Басылымның мәліметінше, лаңкестер 25 млн доллар қаражатты құрайтын долларды, алтын мен күмісті Анбар провинциясындағы жазық далада сақтаған.

"Ислам мемлекетінің" қазынасын жергілікті бақташылар тауып алған.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп арнайы операция нәтижесінде "Ислам мемлекеті" ұйымының көшбасшысы қаза тапқанын мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1824770-iraktyk-baktasylar-islam-memleketi-zasyrgan-kazynany-tauyp-algan/

pixel