RU

БАҚ өкілдері "ИГИЛ" көшбасшысының көзі жойылған жерден видео таратты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркияның бұқаралық ақпарат құралдары болжам бойынша, "ИГИЛ" террористік тобының жетекшісі Абу Бакр аль-Багдадидің көзі жойылған жерден видео жариялады. Сондай-ақ оны өлтіру үшін жасалған әуе соққысының видеосын да көрсетті деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Al Hadath телеарнасының ақпарынша, "ИГИЛ" жетекшісінің орналасқан жерін анықтау Ирак арнайы қызметінің арқасында мүмкін болған.

Алдын ала деректерге сәйкес, арнайы операцияға сегіз америкалық тікұшақ жұмылдырылған. Лаңкестің көзін жоюға жарты сағат уақыт кеткен.

Арабияның БАҚ өкілдері әуе соққысының нәтижесінде үш ер адам, үш әйел мен бір баланың қаза болғанын хабарлады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БАҚ өкілдері "ИГИЛ" көшбасшысының көзі жойылған жерден видео таратты
Mailfire view pixel