RU
Қысқа "шортымен" сәлем салған бойжеткен желіні шулатты (видео)

Қысқа "шортымен" сәлем салған бойжеткен желіні шулатты (видео)

Рассказать Вконтакте

Атышулы "Кел, келінім" бағдарламасы жабылған соң алты айдан кейін жоба қатысушылары бас қосып, өз өмірлері жайында баяндады. Бұл туралы "Oybay Show" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Видеодан кадр: Oybay Show

Видеодан кадр: Oybay Show

Отырысқа жиылғандардың арасында көпшіліктің назарын Гаухар есімді қатысушы аударды. Себебі, қысқа "шорты" киіп келген ол бағдарлама жүргізушісі мен қатысушыларға бірнеше рет сәлем салды.

Одан бөлек, бағдарламаға өз сүйіктісі Рамазанды алып келген Гаухар өзінің бисексуал екенін де жасырған жоқ.

"Кел, келінімде" Анель менің ориентациямды білген. Мүмкін, біз онымен қалжыңдап құшақтасып, сүйіскенімізді байқаған боларсыздар. Бірақ, Қазақстанда ЛГБТ-ға көзқарасы теріс екенін бәрі біледі. Мен бисексуалмын. Онда тұрған не бар? Мен қызға да, жігітке де ғашық бола беремін. Мен адамның жан дүниесіне ғашық боламын. Мен үшін қыз да, жігіт те бірдей", - деді ол.

Ал оның ғашығы бұл туралы білетін болып шықты.

"Гаухар бір қызды ұнатып қалатын болса, бірден маған айтады. Мен бисексуал емеспін. Анама айтуға дайынмын. Мен Гаухарды шынымен жақсы көрсем, менің таңдауыма қарсы болмайды", - деді ол.

Жиынға келген басқа қатысушылардың бірі жұпқа психологтың кеңесіне жүгіну қажеттігін айтты. Ал бағдарламаны көрген көпшілік тек теріс пікірлер жазып қалдырды.

Сіздің реакцияңыз
26
1
8
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel