Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Манзоровқа қарсы іс қозғағандар жауапқа тартылуы мүмкін

Опубликовано:

Бас прокуратура Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық істің тоқтатылуы жөнінде пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бағдат Манзоров. Фото: baribar.kz
Бағдат Манзоров. Фото: baribar.kz: UGC

Қылмыстық істің тоқтатылғанын мәжіліс кулуарында бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов растады.

Ол мемлекеттік қызметкерге қатысты қозғалған істе қылмыс құрамы анықталмағанын жеткізді. Осыған орай шенеунікке тағылған барлық айыптар алып тасталынды.

Ахметжановтың айтуынша, Манзоровқа қарсы іс қозғағандар тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, осыған дейін желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың қыркүйек айының соңында ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Кейіннен бұл мәліметті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Шенеуніктің аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктеліп, үй қамаққа алынғаны белгілі болды.

Ал 29 қазанда Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Алматы облысының әкімдігі оның қызметінен босатылмайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824795-manzorovka-karsy-is-kozgagandar-zauapka-tartyluy-mmkin/

pixel