RU
Соңғы жекпе-жегінде қарсыласын 44 секундта сұлатқан Әли Ахмедов рейтингте жоғарылады

Соңғы жекпе-жегінде қарсыласын 44 секундта сұлатқан Әли Ахмедов рейтингте жоғарылады

Рассказать Вконтакте

Бірде-бір кездесуде жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Әли Ахмедов Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) ТОП-15 рейтингіне кірді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Еске сала кетсек, боксшы 6 қазанда америкалық Эндрю Эрнандеспен жекпе-жек өткізген болатын.

Кездесу Геннадий Головкин — Сергей Деревянченко бокс кешінің андеркардында болды.

Ахмедов қарсыласын бірінші раундтың 44 секундында нокаутқа жіберді.

Жекпе-жекте отандық спортшы WBC International Silver чемпиондық белбеуін қорғады.

Бұл жеңістің арқасында Ахмедов WBC рейтингісінде 15-ші орынға көтерілді.

Осы тізімдегі басты титулға Головкинмен спаррингке шыққан Давид Бенавидес ие.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel