RU

"Халқымызға керексіз": Тоқаев Әбдіжәміл Нұрпейісовқа "Алтын жұлдыз" белгісін табыстады (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдап, "Қазақстанның Еңбек Ері" атағының "Алтын жұлдыз" айрықша ерекшелік белгісін табыстады деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті көрнекті жазушының ұлттық әдебиетіміздің әлемдік деңгейге көтерілуіне қосқан елеулі үлесіне тоқталып, қазақ әдебиетінің абызын 95 жылдық мерейтойы қарсаңында еліміздегі жоғары наградамен марапаттағанын атап өтті.

"Сіз халқымызға керексіз. Сондықтан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Әбдіжәміл Нұрпейісов мемлекет басшысына алғыс айтып, тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолындағы жұмысына табыс тіледі.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Халқымызға керексіз": Тоқаев Әбдіжәміл Нұрпейісовқа "Алтын жұлдыз" белгісін табыстады (фото)
Mailfire view pixel