Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров жұмысқа шықты

Опубликовано:

Осыған дейін алаяқтық іске қатысы бар деп күдіктелген Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров жұмысқа шықты. Күні кеше оған қатысты қылмыстық істің тоқтатылғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Almaty.tv
Фото: Almaty.tv: Facebook

Шенеунік бүгін әкімдіктегі өз міндеттерін атқаруға кірісіп кетті. Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетсек, осыған дейін желіде Алматы облысының әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың қыркүйек айының соңында ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Кейіннен бұл мәліметті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Кейіннен Манзоровтың аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктеліп, үй қамақта отырғаны белгілі болды.

Бұл ақпаратты да сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік нақтылады. Ал 29 қазанда Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Алматы облысының әкімдігі шенеуніктің жұмыстан босатылмайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824806-almaty-oblysy-kimini-orynbasary-bagdat-manzorov-zmyska-sykty/

pixel