Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық ару жетім сіңілісін соққыға жыққан күйеу баласы туралы ашына айтты

Опубликовано:

Асырап алған сіңілісінің күйеуінен көрмеген қорлығы жоқ екенін айтқан ару не істерін білмей дал. Бойжеткеннің сөзінше, күйеубаласының қарындастары жұбайлардың ортасына үнемі от салып отырады деп жазады Алаш айнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бойжеткеннің айтуынша, сіңілісінің екі айлық кезінде әке-шешесі қайтыс болып, оны нағашы әпкесі асырап алады. Қыз 13 жасқа келгенде баққан әпкелері де аяқ астынан көз жұмған. Сөйтіп, анасы жетім қалған қызды Алматыға, үйлерін әкеліп, асырап алған. Оқытып-тоқытып, сүйгенін тапқан соң, 20 жасында ұзатып шығарып салыпты.

"Cол күйеуі ұрады екен. Қайын сіңілілері де араға от салып, күйеубаламызға ұрғызатын көрінеді. 2 жыл болды күнде анама хабарласып жылайды. Ал анам маған "араласпа, артын күтейік бәлкім жарасып кетер" деп тоқтатып отырfды", - дейді әпкесі.

Сондай-ақ, ол осы уақытқа дейін жастардың ортасына түспегенін, алайда енді шыдай алмасын айтты.

"Сіңілім ауылда күйеуі, қайын атасымен бірге тұрады. Атасы зейнетақысын алған сайын біздің қызға үйге азық-түлік алып кел деп ақша береді екен. Сол үйдің күйеуге шығып кеткен екі қызы соны көре алмай, айдап салып отыр. Жетім қыз ғой, жаным ашып кетеді. Ауылдарына барып, астаң-кестең етейін десем, анам ұят болады деп отыр. Күйеубала ұрып жатқанда бәрі "саған сол керек" деп мәз болып тұратын көрінеді", - деді ару.

Ендігі әрекеті қандай боларын, не істерін білмей басы қатқан бойжеткен көптен кеңес сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1824828-almatylyk-aru-zetim-siilisin-sokkyga-zykkan-kjeu-balasy-turaly-asyna-ajtty/

pixel