RU
Қытай азаматтарының Қазақстан аумағына заңсыз өтуі: Кім жауапқа тартылады

Қытай азаматтарының Қазақстан аумағына заңсыз өтуі: Кім жауапқа тартылады

Рассказать Вконтакте

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов Қытайдың екі азаматының Қазақстан аумағына заңсыз өтуіне бергендер жауапқа тартылатынын мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: Шекара қызметінің ресми сайты

Көрнекі фото: Шекара қызметінің ресми сайты

"Мемлекеттік шекара сенімді қорғалады, жабық. Алайда, адам факторы бар. Бұл мәселені талдап жатырмыз. Жан-жақты зерттеп, мемлекеттік шекараны қорғаудың кейбір тұсын өзгертеміз", – деді ол мәжіліс кулуарында.

Ділманов аталған факт бойынша шекара қызметінде тергеу жүргізіліп, кінәлілер анықталғанын атап өтті.

"Тәртіптік жаза қолданылатыны анық. Әрине, сарбаздар емес, лауазымды тұлғалар жауапқа тартылады. Бөлім командирі қызметінен босатылды", – деді ол.

Қытай азаматтарына қатысты іс ҚР ҚК-нің 392- бабы ("Мемлекет шекарасын қасақана кесіп өту") бойынша қарастырылады. Заңға сәйкес, кінәлілер 1000 АЕК (2 миллион теңгеге жуық) айыппұл төлейді немесе бір жылға дейін бас бостандықтарынан айырылып, елден қуылады. Бес жыл бойы Қазақстанға кіре алмайды.

"Олар қазір тергеу изоляторына қамалды. Қазақстан заңнамасына сәйкес, екі ай тергеу жүргізіледі. Бұдан соң мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге қатысты сот отырысы өтеді. Оларға өзге айып тағылып отырған жоқ", – деді шекара қызметінің басшысы.

15 қазан күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі шекараны заңсыз кесіп өткен екі Қытай азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған болатын.

Олар Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан шекара жасағының учаскесі арқылы Қазақстанға өткен. Ұсталғандардың бірі 2016 жылы мал ұрлады деген күдікке ілініп, Қытай тарапына тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз
5
2
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel