Выйти
RU

Полиция мен коллекторлар келеді: Нөміріңізді тіркемеу қандай қауіп тудырады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Телекоммуникациялар комитеті елімізде 18 миллион адам тұратынына қарамастан, Қазақстанда сатып алынған 42 миллион сим-картаны санады. Егер кейбір қазақстандықтардың бір нөмірі болса, басқаларына 30-40 мың тіркелген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда қанша нөмір тіркелгенін анықтау үшін өзінің ЖСН-н тексеретін сервис іске қосылды. Осы қызмет арқасында сатып алынған нөмірлер саны Қазақстан халқынан асып түсетіні белгілі болды.

Тексеріс нәтижесінде кейбір қазақстандықтардың атына 1-2 нөмір, кейбіреулеріне 30-40 мың нөмір тіркелген болып шықты.

Осылайша бөтен адамдарға тіркелген нөмірлерді мыңдаған қазақстандықтар қолданады. Бұл халықтың қауіпсіздігі үшін де, қалтасы үшін де қауіпті.

"Сим-картаның нағыз иесі кез келген уақытта сіздің нөміріңізді сөндіре алады, хабарлама, қоңырауларыңызды тексеріп, ғаламтордағы трафик детализациясын көре алады. Немесе адам заңсыз әркеттер жасап, сим-карта арқылы несие ала алады", - деді комитет басшысы Виталий Ярошенко.

Осылайша, басқа адамның кесірінен полиция мен коллекторлар қазақстандықтарға айып тағып келуі мүмкін.

Дәл осы себепті өзіңіздің ЖСН нөміріңізді ұялы телефонға тіркеу маңызды. Егер абонент артық нөмірлерді анықтаса, онда олардан бас тарту үшін Билайн, Теле-2, Кселл және Алтел кеңселеріне баруы керек.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Полиция мен коллекторлар келеді: Нөміріңізді тіркемеу қандай қауіп тудырады