Выйти
RU

Израильдің әлемдегі барлық елшіліктері жабылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Израиль уақыты бойынша 30 қазанда сағат 01:00-ден бастап елдің әлемдегі барлық елшіліктері мен консулдықтары белгісіз мерзімге жабылды. Бұл ұзақ уақытқа созылған қаржыландыру жөніндегі дауға байланысты деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Аталған ақпарат Израиль дипломатиялық өкілдіктерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланды.

"Келушілерге қызмет көрсетілмейді. Елшілік жабық", – делінген "Израиль в России" Facebook парақшасында.

Елшіліктің ақпарынша, Израиль қаржы министрлігі шілде айында қол қойылған келісімдерді бұзып, адамдарды жаңа нұсқауларды сақтауға міндеттеуден бас тартқан.

"Оның үстіне, олар бұған дейін келісілген шарттарға қарсы келіп, бірнеше ондаған жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан тәртіпті бұзуда", – делінген хабарламада.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Израильдің әлемдегі барлық елшіліктері жабылды