RU
Желіде Шымкенттегі атыс болған жерден кадрлар жарияланды (видео)

Желіде Шымкенттегі атыс болған жерден кадрлар жарияланды (видео)

Рассказать Вконтакте

Желіде 29 қазанда атыс болған Шымкенттегі кафеден кадрлар пайда болды. Видео Instagram-дағы "Шымкент Онлайн" тобында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар: Instagram.com/shymkent.online видеосынан

Кадрлар: Instagram.com/shymkent.online видеосынан

Жарияланған видеоның кадрларында оқиға орны бейнеленген.

Сынған терезелер мен қираған жиһаздарды, жерде жатқан ер азаматқа бірнеше адамның иіліп қарап тұрғанын байқауға болады.

Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға қатысушыларының қатігездігіне таңғалғандарын жасырмады.

Еске сала кетейік, кеше Шымкент қаласындағы дәмханалардың бірінде атыс болып, төрт жігіттің жарақат алғанын хабарлағанбыз.

Кейінірек полиция өкілдері оқиға салдарынан 1 адамның қаза болып, бесеуінің жарақат алғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, тәртіп сақшыларының атылған қаруды іздеп тапқаны белгілі болды. Күдіктілердің аты-жөні анықталды. Тергеу мүддесіне орай басқа мәліметтер жария етілмейді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel