RU
Елімізде 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы сұратылмайды

Елімізде 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы сұратылмайды

Рассказать Вконтакте

Бүгін ҚР үкіметінде өткен баспасөз конференциясында орталық мемлекеттік органдардың өкілдері 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасын алып тастауға әзірлік туралы айтып берді деп хабарлайды primeminister.kz.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Қазақстандықтар өздерінің тіркелген жерін egov.kz электронды үкімет порталындағы жеке кабинетінде немесе eGov mobile қосымшасы арқылы тексере алады.

Еңбек қатынастарын реттеу

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік серіктестік департаментінің директоры Бағлан Жолпошов айтып өткендей, еңбек заңнамасында мекенжай анықтамасын ұсыну бойынша талап жоқ.

Жұмыс беруші мұндай құжаттарды талап етуге құқылы емес.

“Еңбек келісімшартында тұрғылықты жерінің мекенжайы көрсетіледі. Бұл жетклікті. Қызметкер оны өз бетінше толтырады. Тұрғылықты жері бойынша алалауға да жол берілмейді.
Егер жұмыскер алалауға ұшыраса, онда жұмыс беруші еңбек заңнамасында көрсетілмеген құжаттарды талап етсе, қызметкер жұмыс берушінің іс-әрекеттеріне шағымдана алады.
Ол өзінің құқығын қорғау үшін сот органдарына жүгіне алады, өйткені ол әлі жұмыскер емес, әрі еңбек қатынастарына тіркелмеді", — деді Бағлан Жолпошов.

Егер азамат сол жердің жұмысшысы болса, онда ол жұмыс берушінің іс-әрекеттеріне еңбек инспекциясы бойынша жергілікті органға шағымдана алады. Еңбек инспекциялары барлық өңірлерде әкімдіктер жанында жұмыс істейді. Тексеру негізінде жұмыскердің құқықтары қорғалатын болады.

Шетел азаматтарының мекенжай анықтамасын ұсынуы бойынша талаптар

ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Тауболды Үмбетбаевтың айтуынша, мекенжай анықтамасын алып тастау туралы ақпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне уақытылы берілген.

Бір ай уақыт бұрын барлық министрліктермен бірлесіп Қазақстанның шетелдердегі өкілдіктеріне барлық қажетті ақпарат жолданған.

“1 қарашадан бастап бізде мекенжай анықтамасын талап ету жойылады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, Вена конвенциясының 41- тарауы бойынша сол мемлекеттер басқа елдерде қабылданған заңдарды сыйлауы керек", — деді Тауболды Үмбетбаев.

Тұрғын үй бағдарламаларына қатысу

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және ТКШ комитетінің басқарма басшысы Жалғас Борсабаев бүгінгі таңда 2025 жылға дейінгі "Нұрлы жер" жаңа мемлекеттік бағдарламасы келісілу үстінде екенін айтты, оның аясында тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз топтары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру қарастырылғанын, яғни, заңда әлеуметтік тұрғын үйді алу үшін республикалық маңызы бар қалаларда 3 жыл бойы тұрақты тұрғаны екенін растайтын құжатты ұсыну керек. 

Бүгінгі таңда бұл мәліметтер қолданыстағы ақпараттық жүйелерден алынады.

“Егер азамат аталған елді мекенде 3 жыл мерзім тұрғанын тіркегенін айтып растаса, ол көші-қон полициясына жүгініп, ХҚКО-ның қызметкеріне ұсынады", - деді Борсабаев.

Емханаларда мекенжай анықтамасын талап ету

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Цифрландыру департаменті директорының орынбасары Фархад Бекбулатов медициналық мекемелер тарапынан мекенжай анықтамасы туралы ешқандай сұраныс қарастырылмағанын нақтылады. Мұндай жағдайлар орын алса, ведомствоның өзіне жүгіну қажет.

“Денсаулық сақтау министрлігінің барлық ақпараттық жүйелері 5 жыл бойы кіріктіріледі. Біз ел азаматтарының тұрғылықты жері бойынша деректерді деректер базасынан аламыз, демек, Денсаулық сақтау министрлігіне бағынатын медициналық ұйымдардың, ауруханалардың, емханалардың немесе мемлекеттік органдардың тарапынан қандай да бір сұраныстар болмауы тиіс", — деді Фархад Бекбулатов.

Білім беру ұйымына алу

ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің басқарма бастығы Гүлнаш Қошқарова “Білім беру туралы” ҚР Заңының 49-бабының 1-тармағына сәйкес білім беру ұйымдары баланың қалауына, жеке қабілеттеріне және ерекшеліктеріне байланысты ата-аналарды және басқа заңды тұлғаларды білім ұйымдары таңдау құқығына ие екенін айтты.

"Білім беру ұйымына балаларды қабылдаудың типтік ережелеріне тиісті өзгерістер енгізілді. Мекенжай анықтамасы алынып тасталды", — деп түйіндеді Гүлнаш Қошқарова.

Қажет болған жағдайда қазақстандықтар тіркеуге тұрған мекенжайларын egov.kz электронды үкімет порталы мен eGov mobile қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады

Азаматтар екінші деңгейлі банктердің қызметіне жүгінген жағдайда мекенжай анықтамасы талап етілген болса, ЕДБ клиенттері Ұлттық банктің Қоғамдық қабылдауларына шағымдана алады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel